26.02.08Қызылорда облысы – ТМРА “ҚЖЭО” МКК тексерудің қорытындылары туралы.
Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Қызылорда облысы бойынша басқармасы базалық субъект «Қызылордажылу электрорталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының (одан әрі – “КЖЭО” МКК) қызметін табиғи монополиялар туралы заңнаманың сақталуына жоспарлы тексеру жүргізіп, қолданылып жүрген заңнаманың бұзылғандығын анықтады. Атап айтқанда: -Қазақстан Республикасының “Табиғи монополиялар туралы” Заңының 7 бабының 7-2) тармақшасын бұзып, жылу энергиясын өндіру қызметі бойынша “энергия” бабы 557,4 мың теңгеге, “әлеуметтік салық” бабы 239,0 мың теңгеге, “басқа шығындар” бабы 818,4 мың теңгеге; жылу энергиясын беру және бөлу қызметі бойынша “энергия” бабы 1957,5 мың теңгеге тарифтік сметаның шығындарының баптарын орындамауы орын алған; -реттеліп көрсетілетін қызметтердің түрлері және өзге де қызмет бойынша кірістердің, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің бөлек бухгалтерлік есебі жүргізілмейді, нәтижесінде Заңның 7 бабының 7-1) тармақшасындағы талабы сақталмайды; -ерекше тәртіптің 16-тармағына қайшы, “ҚЖЭО” МКК-мен жылу энергиясын өндіру қызметіне арналған тарифтік сметада қарастырылған амортизациялық аударымның 550,0 мың теңге қаражатын мақсатсыз пайдалану жүргізілген; -Бухгалтерлік есептің №6 стандартына қайшы, жылу энергиясын беру және бөлу қызметі бойынша материалдар шығындарының құрамына қызметтің өзіндік құнының өсуіне әкелген 882,5 мың теңгенің негізгі қорлар құны енгізілген. Тексеру қорытындысымен “ҚЖЭО” МКК атына 2008 жылдың 22 ақпанында табиғи монополиялар туралы заңнаманың бұзылуын жою жөніндегі №2 нұсқамасы шығарылды.