31.03.08Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша басқармасы «Ақжайықэнергосауда» ЖШС- не 2008 жылы 1 сәуірінен бастап электрқуат сату бағасын өсіруге тыйым салды.
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша басқармасы, «Ақжайықэнергосауда» ЖШС-нің хабарламасын қарап, «Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-1 бабының, 1 –тармағының, 4) тармақшасына сәйкес, «Ақжайықэнергосауда» ЖШС- не 2008 жылы 1 сәуірінен бастап электрқуат сату бағасын өсіруге дәлелді қорытындымен тыйым салды. Ұсынылған хабарламада Қазақстан Республикасы табиғи монополияларды реттеу Агенттігімен 2007 жылдың 29 тамызында № 232 – НҚ бұйрығымен бекітілген «Тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалардың алдағы көтерілуі туралы реттеуші органға хабарлау туралы» Ережесінің (бұдан әрі – Басқарма) 6 тармағының талаптары толығымен орындалмаған. 1. «Батыс Қазақстан электр желілерін таратушы компаниясы» АҚ-ң электр желісі арқылы электрқуатты 1 квт сағатка 2,74 теңге мөлшерінде тасымалдау тарифі негізсіз қосылған. 2. «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ң газдың тарифінің 1000 куб. метрге 4971 теңгеден 7391,85 теңгеге дейін өсу негіз ретінде, реттеуші органға 4971 теңгеге дәлелдейтін құжаттар мен материалдарды кәсіпорын ұсыңғаны туралы хабарлама жалғанған. 3. « КЕGОК» АҚ-ның қызмет көрсету шартына, қөлемдерін қөрсету қосымша ұсынылмаған. Ережесінің 6 тармағының 1 тармақшасына сәйкес, тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін) қызметтерге бағалардың алдағы көтерілуі туралы хабарламаға, көтеру себептерін растайтын құжаттар ( шикізат, материалдары, қызметтер құнының өсуін растайтын тиісті шарттардың көшірмелері) ұсыну қажет.