English Қазақша Русский
БастығаСайт картасыОблыстар бойнша пайдалы ақпарат
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы
 
 
Мемлекеттік органдардың веб- сайттары




Жаңалықтар мұрағаты
 2026 
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
25262728293031
 
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі мынандай мазмұндағы хабарландыруды жариялауды сұрайды: «Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның нормативтік техникалық ысыраптарды бекітуге арналған өтінім бойынша 2008 жылғы 18 қырқүйекте сағат 16.00 Астана қаласы, Бөкейхан көшесі, 14, № 606 кабинетте тыңдаулар өткізу туралы хабарлайды. Тыңдауға депутаттар, мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, тәуелсіз сарапшылар, табиғи монополия субъектілері, оның қызметтерін тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктері шақырылады».
 
Орталық аппараттың жаңалықтары

07.04.08   ТМРА Жамбыл облысы бойынша департаменті – «Жамбыл-Жылу» МКК-ның тексеру қорытындылары туралы.

«Жамбыл-Жылу» МКК-на 2008 жылдың 11 наурызынан 26 наурызына  дейін жүргізілген жоспарлы тексеру аяқталды.
Тексеру барысында МКК  ҚР «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 18-1 бабы 3-тармағы 2) тармақшасының 2 азат жолын бұзып,  өзге қызметтен 2006-2007 жылдары алған табыстары туралы бір де бір есеп бермегені анықталды.
Табиғи монополия субъекті ҚР «Табиғи монополиялар туралы» Заңының                                             7 бабының  13) тармақшасына сәйкес уәкілетті органға және тұтынушыларға тарифтердің  төмендетілетіні туралы олар күшіне кірерден 10 күннен кешіктірмей хабарлауы тиіс. ҚР 2006 жылдың 7 шілдесіндегі №177-11 «Қазақстан Республикасының салық салу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық акттеріне өзгертулер және толықтырулар енгізу туралы» Заңы бойынша қосымша құн салығы  2008 жылдың 1 қаңтарынан 13 пайыз мөлшерінде белгіленді. Дегенмен «Жамбыл-Жылу» МКК Заңның аталған нормасын бұзып, уәкілетті органға және тұтынушыларға жылу энергиясы тарифінің өзгертілгені туралы хабарламаған.
Кәсіпорын ҚР «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 7 бабының                              3) тармақшасын бұзып, тұтынушылардың жекелеген санаттарына жалпы сомасы 143,6 мың теңге жылу энергиясын тегін берген.
Осыған байланысты «Жамбыл-Жылу» МКК-на ҚР табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзудың анықталған фактілерін жою: азаматтардың жекелеген санаттарына жылу энергиясын тегін беруді тоқтату, өзге қызмет бойынша есеп беру  туралы нұсқама берілді. 
2008 жылдың 31 наурызындағы  әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулымен «Жамбыл-Жылу» МКК-на ҚР табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзғаны үшін ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексінің 147-5 бабына сәйкес 1500 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, сомасы  1 млн. 752 мың теңге айыппұл салынды.

 


«« | »» «  | 


02.07.08 Бүгін, 2008 жылдың 2 шілдесінде Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төр...
27.06.08 Бүгін 2008 жылдың 27 маусымында Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агентігімен (ТМРА) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау мәселелері бойынша алқа мәжілісі өтті. Күннің екінші жартысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы орындауды насихаттау және де оны қолдану аясын арттыру мақсатында ТМРА Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет агенттігінің, Әділет министрлігінің және аумақтық департаментерінің өкілдері қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізді.
05.06.08 Ақтөбе облысы – ТМРА Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарды.

Облыс орталықтарындағы тарифтер 01.09.2008

Қалалар

жылу-ақы 1 кв.м

ыстық.
су тариф
(м3)

суық.
су тариф
(м3)

жарық

Астана

65,49

113,02/90,38

23,15

5,42

Алматы

37,17

177,09

19,14

8,02

Ақтау

44,89

130,18

183,13

4,03

Атырау

45,12

83,95

19,86

3,39

Ақтөбе

52,04

99,35

24,95

6,75

Қарағанды

56,35

175,92

41,17

3,82

Қостанай

85,58

162,83

25,93

7,44

Қызылорда

57,09

 

24,35

7,13

Көкшетау

63,39

111,95

32,12

6,99

Орал

60,56

104,91

16,19

4,94

Өскемен

36,01

129,68

15,42

4,89

Павлодар

38,07

77,98

16,95

5,46

Петропавл

63,47

105,77

20,87

6,19

Тараз

58,81

136,44

12,43

7,90

Талды-қорған

26,50

116,49

24,79

8,14

Шымкент

69,23

225,43

35,40

7,73

Веб сайты международных партнёров





ПРООН/ГЭФ

  Қандай мақсатпен біздің сайтқа кірдіңіз ?
жаңалықтар білуге
кәсіптік қызығушылықпен
мен қызметтерді тұтынушымен
Жаңалықтарға жазылу
E-Mail: 
введите число,
указанное на картинке
Отказаться от подписки

Ұсыныстар үшін жәшік
regulator@regulator.kz

Наш адрес :
Республика Казахстан индекс: 010000
г. Астана ул. Букейхана 14
Тел.: 591637 Факс: 215473
E-mail: info@arem.kz
Copyright © 2005 -2007 All Rights Reserved
Developed by ISD