21.05.08Бүгін Алматы қаласында Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу агенттігінің табиғи монополиялар субъектілерінің қызметі жөніндегі мәселелер бойынша Алматы қаласының әкімдігі, Алматы қаласы коммуналдық кәсіпорындарымен кеңесі өтті.
Кеңес барысында коммуналдық саладағы реттелетін субъектілердің айқындамасы және де реттеуші ретінде Агенттік өкілдерінің Алматы қ. коммуналдық саласындағы реттелетін компанияларының бүгінгі жағдайы бойынша сөз сөйлеулері тыңдалды.
Агенттік электр қуатын өндіру бойынша доминант болып саналатын «Ал ЭС» Алматы электро станциялары АҚ барлық ОЭО, тіпті толықтай газ-мазұт отында жұмыс істейтіндердің ішіндегі электр қуатын ең жоғары босату бағасымен - с. кВт. 4,38 теңгеге сататынын айтып өтті. Мұнда «АлЭС» Қапшағай ГЭС және Алматы ГЭС құрамына кіретінін санамағанда.
ҚР Премьер-министрі К.Масимовтың тапсырмасына сәйкес тәуелсіз эксперттерді жұмылдырумен өткізілген тексерістің қорытындысы бойынша Агенттікпен босату тарифін с. Квт 4,38 теңге мөлшерінде қолданғанда электр энергиясын өндірудің пайдасы 40 % құрайтыны анықталды.
Монопольдік жоғары баға белгіленгені айқындалуына байланысты тексерістің қорытындысы заңнамаларды бұзу іс-әрекеті мүмкіндігін тексеруге бәсекелестікті қорғау жөніндегі Агенттігіне жіберілді.
Осыған орай Агенттік электр және және жылу энергиясына бағасы АЗК қорытындысын алмай көтерілуіне жол берілмейді деп санайды.
Агенттіктің ұсынған «АлЭС» босату тарифінің өзгерістер динамикасы бойынша тарифтің деңгейі 2006 жылдан 50 % -дан астам көтерілді.
Және де «АПК» АҚ мәселелері қарастырылды. Агенттікпен тарифтік сметаның орындалмағаны, «АПК» АҚ балансына Алматы қаласы әкімдігінен электр жүйелері берілуі іске аспағаны анықталды.
Кеңесте жылу жүйелеріндегі ысырап мәселесі көтерілді. Агентікке келісуге ұсынылған жөндеу жұмыстарынын жоспарларында ЖЭС толықтай тоқтатып жөндеу жасау қарастырылмаған. «АлЭС» АҚ бу тұтынушыларына қызмет көрсетуден бас тарта отыра, жылу қысымы көлемін төмендетеді, осымен технико-экономикалық өлшемдерін нашарлатып, осыған сәйкес жылу энергиясының өзіндік құнын жоғарлатады.
Жүйелердің техникалық жағдайын және оларға жасалып жатқан жұмыстарды сипаттайтын нормативті-техникалық ысыраптар ең басты көрсеткіші болып саналады. Агенттіктің ұсынған ақпарты бойынша Алматы қаласының «Су арнасы»МКК жүйелеріндегі нормативтік ысыраптар жыл сайын өсуде. Соңғы 2006 жылға бекітілген жүйелердегі ысыраптар 32,03% құрайды. Агенттіктің пайымдауынша бұл деңгей республика бойынша ең жоғары болып саналады және оны төмендету бойынша жұмыстың деңгейінің төмендігін дәлелдейді.
Сумен жабдықау тарифін саралауды енгізу туралы ұсыныс ТМРА-мен қолданды және де табиғи монополиялар туралы заңнамаға сәйкес Агенттікке тарифті өзгерту туралы тапсырысты ұсыну қажет.