27.08.08Астана –ТМРА «Астана су арнасы» МКК-нің қызметіне қолданыстағы тарифтерден төмен өтемдік тариф бекітті
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Астана қаласы бойынша Департаментіне 2008 жылғы 24 шілдесінде «Астана су арнасы» МКК-нан су шаруашылығы және кәріз жүйелері қызметі бойынша төтенше реттеуші шаралар ретінде өтінім түсті. «АСА» МКК-нің берілген отінім жобасы қолданыстағы тарифтерден ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша 2,07 %, кәріз қызметі бойынша 3,6 %, техникалық сумен қамтамасыз ету бойынша 3,8 % жоғары. Өтінімді қарастырғаннан кейін және тарифтік сметасының бабтарындағы шығындардың орындалуына талдау жургізген нен кейін, Департамент ауқытша өтемдік тариф бекітті. Сонымен қатар, «Астана су арнасы» МКК-на бекітілген тарифтер келесіні құрайды: ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша 20,49 теңге/м3 қолданыстағы тарифтен 7,4 % төмен, кәріз қызметі бойынша 14,51 теңге/м3 қолданыстағы тарифтен 8,1 % төмен, техникалық сумен қамтамасыз ету бойынша 7,61 тенге/м3 қолданыстағы тарифтен жоғары. Бекітілген тарифтер 2008 жылдың 1 қыркүйегінен бастап қосданысқа енгізіледі.