Бүгін 3 қазанда Көкшетау қаласында Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі «Көкшетау Энерго» ЖШС-нің нормативтік техникалық ысыраптарын бекітуге арналған алғашқы рет жария тыңдау өткізді. Алдында нормативтік техникалық ысыраптарды тиісті салалық ведомстволар мен жергілікті атқарушы органдар бекіткен.
«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына 2006 жылғы 14 қаңтарда енгізген өзгерістер мен толықтыруларға байланысты Агенттік заңнамада белгіленген тәртіппен:
Табиғи монополия субъектісінің нормативтік техникалық ысыраптарын;
Мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның келісімі бойынша табиғи монополиялар субъектілерінің шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын;
Еңбек жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша табиғи монополия субъектісінің персоналы санының нормативтерін бекітеді.
Табиғи монополиялар субъектілерінің нормативтік техникалық ысыраптарын, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын ұсынудың, қараудың, бекітудің бірыңғай тәртібін айқындау мақсатында Агенттік Табиғи монополиялар субъектілерінің нормативтік техникалық ысыраптарын, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекіту ережесін бекіткен.
Осы ережеге сәйкес 2006 жылғы 15 қыркүйекте «Көкшетау Энерго» ЖШС Агенттікке 2007, 2008, 2009 жылдарға арналған нормативтік техникалық ысыраптарды бекітуге өтінім берген. Агенттік «Көкшетау Энерго» ЖШС-ні өтінімді қарауға алғанын хабардар етті.
Агенттік Субъектінің нормативтік техникалық ысыраптарды бекітуге берген өтінімін қарау кезінде депутаттарды, мемлекеттік органдардың, тұтынушылардың және олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерін, тәуелсіз сарапшыларды, бұқаралық ақпарат құралдары мен Субъектілерді шақыра отырып жария тыңдау өткізеді.