Шығыс Қазақстан облысы бойынша Табиғи монополияларды реттеу басқармасы облыстағы ірі табиғи монополиялар субъектісі – «АЕS Өскемен жылу энергия орталығы» акционерлік қоғамымен кезекті рет келісімге келе алмай отыр.
«АЕS Өскемен жылу энергиясы орталығы» акционерлік қоғамы әзірлеген № 12 турбогенератор құрылысы ұзақ мерзімді кезеңдегі инвестициялық іс-шарасын енгізуге Басқарма осы жолы бас тартуда.
Өскемен ЖЭО – бұл электр және жылу энергиясын құрастырмалы өндірісті типтегі станциясы. Жылу энергиясын өндіру қызмет түрі бойынша Өскемен ЖЭО табиғи монополист болып табылады. Көрсетілген қызмет түрі Уәкілетті органмен Басқарма тұлғасында реттеуге жатады, ал станциядан өндірілетін электр энергиясы бәсекелестік шартта таратылады. Сонымен жылу энергиясын өндіру тариф есебіне енгізілетін шығын әрбір энергия түрін өндіру үшін талап етілген отын үлесі бойынша шығынды бөлуден анықталады.
Соңғы 3 жылда жылу энергиясын станциядан өндіру жөніндегі қызметінің тарифі 2004-2006 жылдары орташа мерзімді кезеңге бекітуге байланысты тұрақты болды.
Орта мерзімді бекітілген тариф мерзімі 2006 жылы 31 желтоқсанда аяқталды, Өскемен ЖЭО 2007 жылы 1 қаңтардан оны әрекетке енгізу үшін жаңа тарифті бекітуге кезекті өтінім берді. Өтінімге инвестициялық бағдарлама келісуге ұсынылды.
Өскемен ЖЭО инвестициялық бағдарламасы күрделі құрылысқа, қайта құру және техникалық қайта жабдықтау, негізгі құралды жабдықтауға бағытталған. Соның ішінде № 12 турбогенератор құрылысы қаралған. Басқарманың ойынша үлкен дәрежелі турбогенератор құрылысы электр энергиясын өндірумен байланысты және жылу энергиясымен тұтынушылармен төленбеуі керек. Заңнама талаптарына сәйкес инвестициялық бағдарламаға ұсынылатын реттелетін қызметке сұранысты дамытуға өткізілетін инвестициялық бағдарламасына баға ұсынылуы қажет. Өскемен ЖЭО турбогенератор құрылысының қажеттілігі Шығыс Қазақстан облысы рыногындағы энергия қуатының жетіспеушілігіне негіз бола алады. Сондай–ақ, құрылыс және турбогенератоды енгізу станциядағы электр қуаты 33 % артады, ал жылу қуаты (рыногта тапшы болып табылмайды) тек қана 14 %.
Инвестициялық бағдарламадағы турбогенератор құрылысын келіскен жағдайда құрылысқа қажетті шығын 71% (2007 жылы 861,5 млн. теңгеден 611,6 млн. теңге) жылу энергиясын тұтынушылардың арқасына түссе онда Кәсіпорын бәсекелес рыногында электр энергиясын тарату арқылы негізгі таза пайда үлесін қалай алады.
Басқармамен Сарапшылар кеңесінің кеңейтілген отырысы болып өтті, күн тәртібінде турбогенератор құрылысы жылу энергиясын өндіру қаржы есебінен жүргізілуі керек пе деген сұрақ енгізілді. Сарапшылар кеңесінің мүшелері (энергетика білімі бар) электр энергиясын таратудан түсетін пайда есебінен және (немесе) қарыз есебінен жүргізуге қажеттілік жоқ деп шешті.
Тәжірибеде мысалдар бар, егерде өндірістік құрастырмалы типтегі станциядағы электр қуатының артуы болғанда меншікті қаражат есебінен жүргізіледі. Мысалы, «Риддер ЖЭО» АҚ турбогенераторды монтаждау реттелетін қызметті (жылу энергиясын) қаражатын тартусыз банктік несие есебінен және электр энергиясын таратудан алынатын қаржы есебінен жүргізілді.
Барлық жоғарыда көрсетілген жағдайлар сот қоғамына баяндалған, себебі Өскемен ЖЭО Өскемен қаласын бұдан әрі экономикалық өсімінен айыру, қуаттың жетіспеушілігін жабу және тағы басқа өтініштерімен Басқарманы кінәлауда. Басқарманың бір қатарлы жауабы жылу энергиясын тұтынушылар өздеріне қажет болып табылмайтын шығынды жаппауы қажет.
Иә станцияны дамыту қажет. Бірақ мұны тұтынушыларға ауыртпалықсыз қажетті шығындарды бірнеше кезеңге қосып қоғамды әлеуметтік күштеусіз жасайық.
Өскемен ЖЭО барлық инстанцияларға жүгінуде. Осы мәселені қарау жалғасуда.