Бүгін, 2008 жылдың 2 шілдесінде Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Нұрлан Алдабергенов бір қатар қызметкерлерге: Қ.М.Смағұлов, А.Г.Асқарова, Э.М.Әбдірахманова, Т.А.Деменева, Н.Б.Есембаева, Р.З.Қосыбаева, Т.Ә.Қорғанбекова, К.Т.Көккөзова, Д.Е.Қалмырзаева, С.Рахметоваларға, Қазақастан Республикасының және оның астанасының дамуы мен қалыптасуына елеулі үлес қосқаны үшін, сондай-ақ Астана қаласының 10 жылдығы құрметіне «Астананың 10 жылдығы» атты мерекелік медалін салтанатты түрде табыс етті. Нұрлан Алдабергенов қызметкерлерді құттықтай отыра: «Осы қазіргі жетіп отырған деңгейіміз сіздердің адал еңбектеріңіздің арқасы, Еліміздің әрі қарай көркейе түсуіне, әлемнің қабілетті 50 елінің қатарынан нық орын алу үшін әлі де аянбай еңбек етуіміз керек. Еңбектеріңізге рахмет...» - деп айтып өтті. Төрағаның орынбасары Қайрат Смағұлов: «Еңбегімізді бағалап, осындай құрмет көрсетіп отырғандарыңызға алғысымызды білдіреміз...» - деп ризашылығын білдірді.