11.12.07Батыс Қазақстан облысы - ТМРА 2007 жылдың 07 желтоқсаны бойынша
1. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша басқармасы ««Сырым» МКК-ның сумен жабдықтау қызметтеріне тариф жіне тарифтік смета бекіту туралы» 2007 жылдың 07 желтоқсанында №126-НҚ бұйрығын қабылдады. «Сырым» МКК-ны аз қуатты субъект болғандықтан тарифті бекіту бойынша өтінімін ҚР-сы Үкіметінің 2005 жылдыі 21 қыркүйегіндегі №935 Қаулысымен бекітілген «Табиғи монополиялар субъектiлерінiң қызметiн оңайлатылған мемлекеттiк pеттеу» Ережесiне сәйкес, ұсынды. Қарау нәтижесінде тариф 1 текше метрге 207,07 теңгенің орнына 172,87 теңге (ҚҚС-сыз) құрылды. БҚО-ның ауыл шаруашылық Департаменті ауыз суды субсидиялау бойынша бағдарламалардың әкімшілігі ретінде 2007 жылдың 30 қазанындағы №6-1-10/1697 хатымен келесідей хабарлады, «Сырым» МКК-ны республикалық бюджетінен қаржыландырылатын Суберу тізіміне енгізілгендігі туралы. Осының нәтижесінде тұтынушылар үшін тариф өзгерілмейді.
2. Басқарма 2007 жылдың 08 желтоқсанында сағ. 11.00 –де Казталовка ауданының Казталовка ауылында аудандық әкімшілік ғимаратында аз қуатты табиғи монополия субъектісі Казталовканың мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының су шаруашылығы қызметі бойынша тариф бекітуге ұсынылған өтініміне сәйкес, жария тыңдауын өткізеді.
Табиғи монополия субъектісі аз қуатты болған себептен жария тыңдау туралы хабарлама БАҚ-да жарияланбады. 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 376 «Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерiн бекiтуге берiлген өтiнiмдерді қарау кезiнде жария тыңдаулар өткiзу ережесiнің» 7-3. тармағына сәйкес, қуаттылығы аз табиғи монополия субъектiсi жария тыңдаулар өткiзiлгенге дейiн тұтынушылар мен мәдделi тұлғаларды жария тыңдаулардың өткiзiлетiн күнi мен орны туралы хабардар етті.