2 қарашада ТМРА Солтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасына “Аксесс Энерго № 2 ПЖЭО” ЖШС-нің 2008 жылғы 1 ақпаннан бастап реттеліп көрсетілетін қызметтерге: жылу энергиясын өндіру – 28,8 %, жылу энериясын жабдықтау – 13,9%-ға тарифті көтеру өтінімі келіп түсті. Қолданыстағы тариф ҚҚС-сыз 874,36 және 1889,0 теңге/Гкал. Тарифті көтеру себептері: көмір бағасының (18,7%) және т/ж тарифі (18,4%) өсуі, жөндеу қоры бойынша шығындар 36%, жалақының көтерілуі, негізгі құралдардың тозу сомасының 83,5% көтерілуі, шығындарды бөлу, жылу және электр энергиясын қисындастырып өңдеу кезінде табыстарды және қолданыстағы активтер Әдістемесінің ұсынысын есепке ала отырып, жылу энергиясын өндіру пайдасына шығындарды қайта бөлу.