09.11.07Батыс Қазақстан облысы -ТМРА - веб-сайтқа арналған ақпарат
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша басқармасы, Агенттіктің Веб-сайтына «Аумақтық басқармаларының жаңалықтары» атты бөлімінде жариялану үшін ақпарат жолдайды.
1. «Орал Су Арнасы» МКК-ның нормативтік персонал саны ұсынылған 245 бірліктің орнына 1140 бірлік бекітілді.
2. Табиғи монополия субъектілерінің Мемлекеттік регистрінің жергілікті бөліміне Батыс Қазақстандық агротехникалық университеті жылу қуатты беру, бөлу, жабдықтау және тасымалдау қызметі бойынша енгізілді.
3. Батыс Қазақстандық агротехникалық университеті жылу қуатты беру, бөлу, жабдықтау және тасымалдау қызметтері бойынша; «Коммунальник» МКК-ның жылу қуатты беру, бөлу, жабдықтау және тасымалдау қызметтері бойынша, «Ақсайжылуқуат» МКК-ның жылу қуатты беру, бөлу, жабдықтау және тасымалдау, сумен жабдықтау мен кәріз жүйелерінің қызметтері бойынша өтінімдерін ұсынды.
4. 2007 жылдың 06 қазанында «Ақсайгазпромэнерго» АҚ-ның электроқуатын беру және кәріз жүйелерінің қызметтері бойынша ұсынылған, 2007 жылдың 07 қазанында аз қуатты субъект «Чингирлаукомтехсервис» МКК-ның сумен жабдықтау қызметі бойынша ұсынылған өтінімдері бойынша жария тындаулары өткізілді.