2007 жылғы тексеріс жоспарына сәйкес, БҚО-сы бойынша Мемлекеттік тіркелімнің жергілікті бөліміне, су шаруашылығы және кәріз жүйелері, жылу қуатын беру бөлу өндіру қызметін ұсыну бойынша енгізілген «Коммунал» МКК-нің жоспарлы тексерісі аяқталды.
2006 жылғы табиғи монополия заңнамасының сақталуын қарау мақсатында «Коммунал» МКК-нің қызметін тексеру қорытындысы бойыншакелесідей анықталды: Қазақстан Республикасы «Табиғи монополия туралы» Заңының 5 –бабының 1-тармағының 2-тармақшасына табиғи монополия субъектiсiнiң өндiрiспен және реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсынумен, сондай-ақ осы Заңға сәйкес табиғи монополия субъектiсi үшiн рұқсат етiлген қызметтi жүзеге асырумен байланысы жоқ мүлiкке меншiк және (немесе) шаруашылық жүргiзу құқығына ие болуға мекеменіңиелігінде ЛПУ жатақханасы, прокуратура ғимараты, ПШ-8 жатақханасы, туб ауруханасының 2- жатақханасы, 4 жеке үй. Заңнамаға сәйкес осы мүлік иеліктен айырылуға тиісті.
Жоғарыда аталғанның негізінде, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің Басқармасымен, табиғи монополиялар туралы заңнаманың бұзылуын жою бойынша нұсқама енгізілді.