Бүгін 2007 жылғы 19 наурыз күні Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі (ТМРА) «Ашық алаңда – ашық сұхбат» атты тұрақты девизбен мемлекеттік реттеу мен тариф түзу жүйесін жетілдіру жөнінде кезекті алтыншы Форум өткізді.
Форумның негізгі міндеті – табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудегі ашықтықты және объективтілікті жұртшылықтың неғұрлым көп топтарын реттеу мәселелеріне арналған пікірсайыстар мен талқылауға тарту жолымен арттыру болып табылады.
Форумның тақырыбы: Табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық әлеуеті, резервтері мен перспективалары.
Форумның барысында табиғи монополиялар субъектілерінің күрделі салымдарын салу үшін бағыт беруге, инвестициялық бағдарламаларды қалыптастыруға және іске асыруға, амортизациялық аударымдар мен пайдаға реттеуші бөлетін қаражатты пайдалануға, субъектілер тарифтерінің деңгейіне және олар көрсетіліп отырған қызметтердің сапасына әсер ететін қызмет көрсеткіштерін оңтайландыруға, озық технологияларды тарту жолдарын айқындауға байланысты реттеу мәселелері жөнінде пікір алмасу болжанып отыр.
Форумда табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық әлеуетін арттыру проблемаларын және тарифтік реттеудің басқа да өзекті мәселелерін талқылауға жергілікті және өкілді органдардың басшылары мен өкілдері, қоғамдық ұйымдар, тұтынушылардың бірлестіктері, табиғи монополиялар субъектілері мен тәуелсіз сарапшылар қатысты.