Қазақ тілін дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру Агенттіктің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. «Қазақ тілін күнделікті жұмыста қолдану Агенттіктің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының әрбір маманының, әрбір басшысының басты мақсаты болуға тиіс», - деп атап көрсетті Агенттік төрағасының орынбасары Нұрлан Алдабергенов өз сөзінде.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 30 мамырдағы Жарлығына сәйкес Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге 2007 жылдан бастап көшеді. Агенттікте мемлекеттік тілдегі құжаттардың айналымы қазірдің өзінде едәуір көбейді. Сөйтіп, орталық аппараттың мамандары 2005 жылғы шілдеден – биылғы жылдың шілде айы аралығында 378 құжат даярлаған екен.
Агенттік Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру үшін Агенттік 2005-2006 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын әзірледі. Жоспарға сәйкес, кадрларды тиісті дәрежеде даярлау үшін Агенттік және оның аумақтық органдары қазақ тілін үйрену жөнінде курстарды, «Мемлекеттік тіл күнін» тұрақты түрде жүргізіп отыр. Бұдан басқа, құжаттарды біліктілікпен дайындау үшін Агенттіктің мемлекеттік тілді дамыту бөлімі жұмыста жиі қолданылатын экономикалық терминдер сөздігін шығарды, сондай-ақ мемлекеттік тілде іскерлік қағаздар жинағын шығару жоспарланып отыр.
Үстіміздегі жылы «Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру» бюджеттік бағдарламасында көзделген барлық қаражаттан мемлекеттік тілді оқытуға 51% (664 385 теңге) бөлінді.
Баспасөз қызметі: : 591638(ф)
8 300 7368677
pressekretar@arem.kz
Гульшекер Издибаева