Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі табиғи монополиялар субъектілерінің нормативтік техникалық ысыраптарына сараптамалық бағалаулар жүргізу және табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне қаржы және техникалық сараптамалар жүргізу жөнінде қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша ашық конкурс өткізу туралы хабарлайды:
Сатып алынатын қызметтердің толық тізбесі, егжей-тегжейлі ерекшелігі, қызметтерді көрсетудің орны мен мерзімі конкурстық құжаттамада көрсетілген.
Конкурсқа “Мемлекеттік сатып алу туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1-тармағында көрсетілген біліктілік талаптарына жауап беретін барлық ықтимал өнім берушілер жіберіледі.
Конкурстық құжаттама бар пакетті Астана қаласы, Бөкейхан көшесі, 14, 500-бөлме мекен-жайы бойынша 2006 жылғы 11 қырқүйек сағат 15.00-ге дейінгі мерзімде, ал қалған күндері 9.00 – 18.00 сағат аралығын қоса алуға болады.
Конкурстық құжаттама бар пакет тегін ұсынылады.
Ықтимал өнім берушілер конверттерде мөрленген конкурсқа қатысуға арналған конкурстық өтінімдерді Астана қаласы, Бөкейхан көшесі, 14, 500-бөлме мекен–жайы бойынша Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігіне ұсынады (жолдайды).
Конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерізімі 2006 жылғы 12 қырқүйекте сағат 10.00-ге дейін.
Конкурстық өтінімдер бар конверттер Астана қаласы, Бөкейхан көшесі, 14, 606-бөлме мекен-жайы бойынша 2006 жылғы 12 қырқүйекте сағат 12.00-де ашылады.
Ыќтимал өнім берушілер конкурстыќ өтінімдер салынѓан конверттерді ашу кезінде ќатыса алады.
Қосымша ақпарат пен анықтаманы 8 (3172): 591-620 телефоны арқылы алуға болады.