«Мұнай өнімдері нарығын тұрақтандырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 14 қазандағы № 291-ө өкіміне сәйкес Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасарлары мен Агенттіктің аумақтық басқармалары қызметкерлерінің, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Бәсекелестікті қорғау комитеті, әкімдіктердің табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі аумақтық органдары, экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қылмыспен күресу департаменттері (бұдан әрі – қаржы полициясы), салық комитеттері мен басқа да мүдделі мемлекеттік органдары қызметкерлерінің қатысуымен монополияға қарсы заңнаманы сақтау, оның ішінде келісілген іс-әрекеттердің (баға сөз байласу) мәніне мұнай өнімдерін өндірумен, сатумен және сақтаумен айналысатын нарық субъектілерін (бұдан әрі – нарық субъектілері) тексеру жөнінде өңірлік жұмыс топтары құрылды.
Мұнай өнімдерінің нарығында бағаларды тұрақтандыру бойынша жүргізілген жұмыстың нәтижесінде мұнай өнімдерінің ірі жеткізушілері, оның ішінде: «Гелиос» ЖШС, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ республиканың барлық өңірлерінде үстіміздегі жылдың тамызындағы деңгейге дейін мұнай өнімдеріне бағаларды түсірді.
Бұл ретте жұмыс тобы жекелеген нарық субъектілері қолданыстағы, оның ішінде монополияға қарсы заңнаманың нормаларын бұзғанын белгіледі. Осыған байланысты бірқатар облыстарда қаржы полициясы осындай нарық субъектілеріне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық іс қозғады.