30.01.08Астана – ТМРА: тұтынушылар 96,2 млн. тенгеге өтемдік тариф арқылы шығынды өтеулерін алады.
Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтік сметаның орындалуы туралы есебі берілгеннен кейін, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Астана қаласы бойынша басқармасымен 2006 жылға табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтік сметаның орындалуы бойынша талдау жасалынды.
Жасалынған талдау бойынша, тұтынушыларға шығындарын өтеу мақсатында «Уақытша өтемдік тариф бекіту ережесіне» сәйкес реттеліп көрсетілетін қызметтері бойынша 7 табиғи монополиялар субъектілеріне 10 уақытша өтемдік тариф енгізілді.
2007 жылы уақытша өтемдік тарифтер келесі табиғи монополиялар субъектілеріне енгізілді: «Рухаз» ЖШС-не, «Турмыс» АҚ-на, «Поиск» ЖШС-не, «Темірсервис Астана» ЖШС-не, «Нысана» ЖШС-не, «ТПК РОСТ» ЖШС-не, «Астана-Энергия» АҚ-на.
Осы табиғи монополиялар субъектілерінің қолданыстағы тарифі 0,5 %-тен 8,8 %-ке дейін төмендетілді.
Осылайша, уақытша өтемдік тариф енгізу арқылы, жоғарыда аталған субъектілерідің тұтынушылары 96,2 млн.тенге көлемінде шығындар өтеулерін алады.