31.01.08Астана-ТМРА: шығарылған нұсқамасы заңды күшіне енді
Қазақстан Республикасы табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Астана қаласы бойынша басқармамен табиғи монополиялар туралы заңнамаларың бұзуды жою туралы нұсқама шығарылған, «Астанаэнергосбыт» ЖШС-не төмендегідей нұсқама берілген:
1. 2007-2008 жылдардағы жылу маусымында желдің жылдамдығының ықпалымен сыртқы ауаның температурасын түзетуді тоқтатсын.
2. Бір ай ішінде жылытуға тұрмыстық тұтынушыларға қайта есеп жүргізу арқылы 2006-2007 жылдардағы жылу маусымында температураны түзету бойынша тұтынушыларға келтірген залалды өтеу жөнінде шара қолдансын.
Бірақ, «Астанаэнергосбыт» ЖШС-гі Басқарманың, желдің жылдамдығының ықпалымен сыртқы ауаның температурасын түзетуі жылу энергиясын беру және бөлу процессі физикалық заңдылығы мен энергияның физикалық қасиеттеріне байланысты болғандықтан өндірілінген деген ұсынысын дәлелдеуге, нұсқаманы заңсыз деп, өтінішін сотқа берді.
Басқарма өз кезегінде, «Астанаэнергосбыт» ЖШС-не 1 және 2 тармағында аталған әрекеттерді күштеп істету туралы қарсы талабын сотқа енгізді.
Астана қаласының арнайы ауданаралық экономикалық сотымен «Астанаэнергосбыт» ЖШС-нің талап арызына бас тартылды, ал Басқарманың қарсы талабы толық көлемінде қанағаттандырылды. Аталған шешім 2008 жылғы 23 қаңтарында, Астана қаласының азаматтық іс бойынша сотының Коллегиясымен бірінші инстанция сотының шешімін өзгертусіз қалдыру туралы қаулы шығарылғаннан кейін, заңды күшіне еңді.