23.07.08ТМРА Ақмола облысы бойынша департаменті уақытша өтемдік тарифтерін енгізуде.
ТМРА Ақмола облысы бойынша департаменті реттеліп көрсетілетін қызметтеріне бекітілген тарифтік сметаларды орындау нәтижелері бойынша, уәкілетті орган бекіткен деңгейінен 5 % астам, 6 табиғи монополиялар субъектілерінің 2007 жыл бойынша тарифтік сметалардың бір қатар шығыстардың орындамаушылығын анықтады, бұл «Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңының 7 бабы 7-2) тармақшасының бұзушылығы болып табылды және мынадай субъектілеріне уақытша өтемдік тариф белгілеуіне пайда болды: - «Термо-Транзит» ШЖҚ МКК жылу қуатын өндіру, беру, тарату және жабдықтау қызметтеріне қазіргі тарифінен төмендеуі 1 Гкал үшін 10,79 теңге (0,5 %) . Өтеу сомасы- 612,118 мың теңге; - «ЭнергоПромКомпани» ЖШС электр қуатын беру және тарату қызметтеріне қазіргіден төмендеуі 1 кВтс үшін 0,03 теңге (1,5 %). Өтеу сомасы- 473,57 мың теңге; - «Энергосеть-М» ЖШС- электр қуатын беру және тарату қызметтеріне қазіргіден төмендеуі 1 кВтс үшін 0,004 теңге (0,3 %). Өтеу сомасы- 325,86 мың теңге; - «Лайтэк» ЖШС- электр қуатын беру және тарату қызметтеріне қазіргіден төмендеуі 1 кВтс үшін 0,02 теңге (4 %). Өтеу сомасы- 4246,03 мың теңге; - «Астана Су» РМК- Астана су қоймасы бойынша сүйеу гидротехникалық қондырғылар арқылы үстіңгі ағынды реттеу бойынша қызметтеріне қазіргіден төмендеуі 0,01 теңге (6,2 %). өтеу сомасы- 619,9 мың теңге; - «Ақмола электржелілік үлестіру компаниясы» АҚ- электр қуатын беру және тарату қызметтеріне қазіргіден төмендеуі 1 кВтс үшін 0,006 теңге (0,57 %). Өтеу сомасы- 15 446,4 мың теңге. Одан басқа, «Степногорск Темір Жолы» ЖШС тарифтік сметалар орындалу мәліметтердің негізінде орағыту жұмыстар үшін кірме жолдарын беру, тиеу-түсіру, тасымалдау процесінің басқа технологиялық операцилар және тасымалдау процесінің технологиялық операциялармен көзделмеген, жылжымалы құрамының тұрағы үшін кірме жолдарын беру қызметтеріне тұтынушыларға залал келтірілген 10 582 838,8 теңге жалпы сомасына есеп орындалды. Департаменттің 26.06.08 ж. № 103-НҚ бұйрығымен көрсетілген сома «Степногорск Темір Жолы» ЖШС қызмет тұтыну өтеуіне жатады. Табиғи монополиялар субъектілерінің негізсіз алынған табыс 2007 жылғы жұмыстың нәтижелері бойынша өтеуге арналған сомасы 32 307 мың теңге құрайды.