21.07.08Астана – ТМРА ашық жария тыңдауға шақырады
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті 2008 жылғы 31 шілденің сағат 11:00-де, электр энергиясын беру және бөлу қызметін көрсететін «Эсмеральд» ЖШС –нің, жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау қызметін көрсететін «КазМунайГаз-Сервис» ЖШС –нің, кірме жолдар қызметін көрсететін «Артем» ЖШС – нің оңайтылған тәртіпте тарифті және тарифтік сметаны бекітуге, және жылу энергиясын беру және бөлу қызметі бойынша «Астана-Теплотранзит» АҚ-на нормативтік техникалық ысыраптаманы бекітуге берген өтінімдеріне ашық жария тыңдаулар өткізетіндігін хабарлайды. Жария тыңдау, мына мекен жай бойынша өткізіледі: Астана қаласы, 4 шағын аудан, 33/1 үй, Алматы ауданының әкімшілік ғимараты, Мәжіліс залы. Осыған орай, Департамент тұтынушыларды және мүдделілік тұлғаларды ашық жария тыңдауға қатысуға шақырады. Анықтама үшін телефон: (87172) 36-83-09.