Атырау облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу агентігінің Департаментіне жолаушыларға қызмет көрсетумен айналусышы «АТМА- Атырау әуежай және тасымалдау» АҚ-ы 2008 жылдың 20 шілде айынан бастап тарифтердің көтерілітендігі туралы хабарлама келіп түсті. ХӘС (МВЛ) бойынша 2244 тенге 1 жолаушыға қолданыстағы тарифтен 15,5%-ға жоғары,ІӘС (ВВЛ) белгіленген 1173 тенге 1 жолаушыға қолданыстағы тарифтен 31,5 %-ға жоғары. Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2007 жылдың 25-ші желтоқсандағы №1286 Қаулысымен бекітілген «Темір жол көлігі», электр және жылу энергетикасы, мұнайды, мұнай өнімдері мен газды тасымалдау, азаматтық авиация, порт қызметтері, телекоммуникация және пошта байланысы саласындағы тауар нарықтарында үстем (монополиялық) жағдайға не нарық субъектілерінің тауарларына жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне баға түзу Ережесінің 12-ші тармағына сәйкес қарау қорытындысы бойынша, Департамент дәлелді қорытындымен «АТМА- Атырау әуежай және тасымалдау» АҚ-ына 2008 жылдың 20-ші шілдесінен бастап жолаушыларға қызмет көрсету жөніндегі тарифтерін көтеруге тыйым салды.