10.07.08Қазақстан Республикасы табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің Атырау облысы «Құлсарыводоканал» КМК-ның реттелетін қызметтеріне бекітілген тарифтік сметаларының 2007 жылға орындалуының талдау қорытындылары бойынша уәкілетті орган бекіткен тарифтік сметаларының 5 пайыз деңгейінен асатын кейбір шығын баптарының орындалмағанын айқындады, бұл «Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңының 7-бабы 7-2) тармақшаларын бұзғандығы болып табылады және реттеліп көрсетілетін қызметтеріне:
• Құлсары қаласының пайдаланушылары үшін: - құбыр жолдары арқылы су тасымалдау қызметіне ҚҚС-сыз 1 куб.м. су үшін 46,03 теңге мөлшерінде (1,95% төмендеді) 2008 жылдың 1 тамызынан бастап 2014 жылдың 19 қазанына шейін қолданысқа енгізумен; - лай суды айдау қызметіне ҚҚС-сыз 1 куб.м. су үшін 20,98 теңге мөлшерінде (7% төмендеді) 2008 жылдың 1 тамызынан бастап 2009 жылдың 31 шілдесіне шейін қолданысқа енгізумен; • Жаңа-Қаратон поселкісінің пайдаланушылары үшін: - құбыр жолдары арқылы су тасымалдау қызметіне ҚҚС-сыз 1 куб.м. су үшін 63,12 теңге мөлшерінде (1,37% төмендеді) 2008 жылдың 1 тамызынан бастап 2011 жылдың 4 қазанына шейін қолданысқа енгізумен;; - лай суды айдау қызметіне ҚҚС-сыз 1 куб.м. су үшін 15,95 теңге мөлшерінде (4,32% төмендеді) 2008 жылдың 1 тамызынан бастап 2012 жылдың 14 қарашасына шейін қолданысқа енгізумен уақытша өтемдік тарифтерді белгілеуге әкеп соқты. Тұтынушыларға қайтарылатын қаражаттың жалпы сомасы 2530,85 мың теңгені құрады.