09.07.08Астана –ТМРА екінші рет «Жылу» -МКК-ні әкімшілік жауапқа тартты
«Жылу энергиясын пайдалану Ережесі» Казақстан Республикасы энергетика және минералдық ресурстар министірлігінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы №10 бұйрығымен бекітілген (әрі қарай –Ереже) 46 тармағына сәйкес, тұтынушылардың (тұрмыстық тұтынушылар болмағанда) жылу тұтынатын қондырғыларын коммерциялық есептеу құралдарысыз қосқан жағдайда жылу энергиясымен жабдықтайтын мекеме жіберілетін жылу энергиясының көлемі нормативтік – техникалық құжаттамамен белгіленген тәртіпте анықталады. Ереженің талаптарын сақтамай «Жылу» МКК тұтынушылардан келісім шарт бойынша 1 шаршы метрге ҚҚС қоса есептегенде 152,66 теңге алып отырған, ол есеппен расталмағам және Ереженің талаптарына сәйкес шығарылмай, Қазақстан Республикасы «Табиғи манополиялар туралы» Заңның 7 бабы 2) тармақшасының (әрі қарай –Заңды) тәртібі бұзылған. Одан қалды, 2007 жылығы 18 қазанында «Жылу» МКК атына энергиямен жабдықтау кәсіпорны нормативтік-техникалық құжаттарымен белгіленген тәртіппен жіберілген жылу энергия кәлемін анықтау қажеттілігі жөнінде № 23 нұсқамамен шығарылған. Алайда, аталған нұсқама осы уақытқа дейін орындалмағаны, Заңның 7 бабы 1) тармақшасының тәртібін бұзып отыр. Осыған байланысты, Депатамент әкімшілік құқық бұзу туралы істі қарағаннан кейін, «Жылу» МКК-на 350 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл тағылып әкімшілік жауапқа тартылды, бұл 408 800 теңгені құрайды.