08.07.08Астана –ТМРА «Жылу» -МКК-ні әкімшілік жауапқа тартып 408 800 тенге айыппұл салды
«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 3) тармақшасына сәйкес табиғи монополия субъектісі Қазақстан Республикасы заңдарында белгіленген жеңілдіктер мен артықшылықтар ескерілген реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) ұсынудан басқа жағдайларда, реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушыларға тең жағдайлармен, оның ішінде уәкілітті орган бекіткен тәртіппен реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуді тең жағдайлармен ұсынуға міндетті. Бірақ, «Жылу» МКК-н төбеде айтылған Заңның тәртібін бұзып, тұтынушыларға «Титаник ДСТ» ШЖС-не және Уразаков Т.Н. ЖК-ге нагрузканың есебісіз төлеуге төлемақы қойлатын болса, Нургалиев С.И. ЖК-ге тұрмыстық тұтынушыларға қойылатын бағамен төлемақы алынып келісім-шарт жасалған, ал Чикинаев ЖК-мен «Процессинговый центр Астана» АҚ-нан тіпті ешқандай ақы алынбаған. Осыған байланысты, Депатамент әкімшілік құқық бұзу туралы істі қарағаннан кейін, «Жылу» МКК-на 350 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл тағылып әкімшілік жауапқа тартылды, бұл 408 800 теңгені құрайды.