05.06.08Ақтөбе облысы – ТМРА Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарды.
Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша Басқармасының 2008 жылғы 7 сәуірдегі № 43-НҚ бұйрығының негізінде, табиғи монополиялардың субъектісі “Коммунальщик” КМК -ның қызметтеріне өткізілген жоспарлық тексеру барысында анықталды, “Коммунальщик” КМК реттелетін қызметтер көрсетуге тұтынушылармен келісілген шарттар сәйкес емес және 2003 жылғы 28 қарашадағы “Табиғи монополиялар саласына қатысты көрсететін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) типтік келісімдерді бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің N 1194 қаулысымен бекітілген, типтік келісімдердің нормаларына қайшылық болып келеді, реттелетін қызметтерге мүмкіндік шартарын таңуының белгілерін жасайды, және реттелетін қызметтердің тұтынушылары үшін құқықтарын бұзатын және кемсітуге апаратын, теңсіз шарттар туғызады. Сонымен қатар, “Коммунальщик” КМК “Табиғи монополиялар туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 7 бабы 3), 8), 12) тармақшасы, 5 бабының 1 тармағы 5) тармақшасының талаптары бұзылды. Жоғарыда көрсетілген табиғи монополиялар субъектісінің мекеніне Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарды.