03.06.08Астана –ТМРА «Астана су арнасы» МКК-ні әкімшілік жауапқа тартып 1 752 000 тенге айыппұл салды
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Астана қаласы бойынша Департаментімен (одан әрі - Департамент) «Астана су арнасы» МКК 2008 жылғы 30 сәуірде № 37 нұсқама шығарылды, нұсқаманың 2 тармағына сәйкес, қабылданған күнінен бастап, бес жұмыс күн ішінде Департаментке соңғы үш жылдағы техникалық жағдайлары үшін төлемдер алынған тұтынушылар туралы ақпарат ұсынуы керек еді. Бірақ, 2 апта өткеннен кейін де табиғи монополиялар туралы заңнаманың бұзушылықтарын жою туралы нұсқаманың орындалуы туралы ақпарат ұсынылмады. Сонымен, «Астана су арнасы» МКК Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 7 бабының 2) тармақшасына сәйкес міндетін орындамаған, табиғи монополия субъектісі уәкілетті органның Заңдарға қайшы келмейтін шешімдерін орындауға міндетті және «Әкімшілік заң бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 147-5 бабында қарастырылғандай, «Астана су арнасы» МКК міндетін орындамады. Осыған байланысты, Департамент әкімшілік құқық бұзушылық істі қарағаннан кейін, «Астана су арнасы» МКК-не 1 500 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл тағылып әкімшілік жауапқа тартылды, бұл 1 752 000 тенгені құрайды.