20.05.08Қызылорда облысы – ТМРА табиғи монополия субъектілерін заң бұзушылыққа жол бергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Табиғи монополия субъектілерімен - «Су құбыры» МКК, «Қайнар» МКК, «Арал су құбыры сервис» МКК, «Жаңақорғандық рудаға жатпайтын материалдар комбинаты» ЖШС, «Қазалы-Теміржолсу және кәріз жүйесі» МКК-мен Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 19 наурыздағы №82-НҚ бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) және тарифтік сметалар бекіту ережесінің 30 тармағына қайшы, ағымдағы жылдың 1 мамырына дейін табиғи монополия аясында бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органға 2007 жылғы тарифтік сметаның орындалуы жөніндегі есептері ұсынылмаған. Осыған байланысты Департамент жоғарыда аталған субъектілерді табиғи монополиялар туралы заңнаманы бұзғаны үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 147-5 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартып, әрбір субъектіге 350 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 408,8 мың теңгеге айыппұл салынды. Барлық субъектілерге салынған айыппұлдың жалпы сомасы 2044,0 мың теңге.