14.05.08Астана –ТМРА «Астана су арнасы» МКК-ні әкімшілік жауапқа тартып 2 044 000 тенге айыппұл салды
2007 жылғы табиғи монополиялар туралы заңнаманың сақталуына «Астана қаласы Әкімдігінің «Астана су арнасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының қызметіне жүргізілген жоспарлы тексерістен кейін келесі анықталды: «Астана су арнасы» МКК-ны балансындағы әуе электр желілері, кабель желілері, трансформаторлық подстанциялар арқылы 2007 жылы факт бойынша тұтынушыларды электр энергиясымен жабдықтаған. «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-1 бабы 2 тармағын бұзып, яғни уәкілетті органның келісімінсіз «Астана су арнасы» МКК-ні электр энергиясымен жабдықтау қызметін жүзеге асырған. «Астана су арнасы» МКК-ні электр энергиясымен жабдықтау қызметін көрсете отырып оның кұрамында «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4 бабы 1 тармағының 3) тармақшасына сәйкес электр энергиясын беру және (немесе) бөлу қызметін көрсетеді және осы уақытқа дейін Тіркелімге енгізу туралы өтіншпен уәкілетті органға шықпаған. Сонымен қоса, «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7 бабы 2 тармақшасын бұзып, осы қызметі уәкілетті органмен бекітілген тарифісіз көрсетілген. Тағыда, «Астана су арнасы» МКК-сі «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-1 бабы 2 тармағын бұзып, уәкілетті органның келісімін алмай «Кәусар» газетін шығарып өзге қызмет түрін көрсеткен. «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1 тармағының 5) тармақшасын және 7-бабы 3 тармақшасын бұзып, «Астана су арнасы» МКК-сі табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізу шарттарын күштеп тануға немесе тұтынушыларды – заңды тұлғаларды кемсітуге әкеп соғатын өзге де іс-әрекеттер жасалынған, яғни тек заңды тұлғалардан техникалық шарттарға ақы алып отырған. «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-4 бабы 2-1 тармағын бұзып, «Астана су арнасы» МКК-сі 2007 жылы электр энергиясын өндірмейтін, электр энергиясымен жабдықтайтын ұйымдардан электр энергиясын сатып алып отырған. Осыған байланысты, әкімшілік құқық бұзушылық бірінші рет болғандығын ескеріп, Департамент әкімшілік құқық бұзушылық істі қарағаннан кейін, «Астана су арнасы» МКК-не 1 750 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл тағылып әкімшілік жауапқа тартылды, бұл 2 044 000 тенгені құрайды.