Атырау облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу агентігінің Департаментіне жолаушыларға қызмет көрсетумен айналусышы «АТМА-әуежай Атырау және тасымалдау» АҚ-нан 2008 жылдың 15-ші мамырынан бастап тарифтердің көтерілітендігі туралы хабарлама келіп түсті. Субъектінің жобасы 1 жолаушыға 2244 теңге құрайды, бұл ХӘЖ үшін белгіленген қолданыстағы тарифтен 15,5% -ға жоғары. ІӘЖ үшін хабарланған тариф 1 жолаушыға 1173 теңгені құрайды, бұл қолданыстағы тарифтен 31,5 %–ға жоғары. Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2007 жылдың 25-ші желтоқсандағы №1286 Қаулысымен бекітілген «Темір жол көлігі», электр және жылу энергетикасы, мұнайды, мұнай өнімдері мен газды тасымалдау, азаматтық авиация, порт қызметтері, телекоммуникация және пошта байланысы саласындағы тауар нарықтарында үстем (монополиялық) жағдайға не нарық субъектілерінің тауарларына жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне баға түзу Ережесінің 12-ші тармағына сәйкес қарау қорытындысы бойынша, баға түзілу ретін бұзуға байланысты. Департамент дәлелді қорытындымен «АТМА-әуежай Атырау және тасымалдау» АҚ-на 2008 жылдың 15-ші мамырынан бастап жолаушыларға қызмет көрсету жөніндегі тарифтерін көтеруге тыйым салды.