28.04.08Ақтөбе облысы – ТМРА Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарды.
Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша Басқармасының 2008 жылғы 14 наурыздағы № 36-НҚ бұйрығының негізінде, “Қазхром” ТҰК” АҚ –да өткізілген табиғи монополиялар субъектілердің жұмыстарына жоспарлық тексеру барысында, “Қазхром” ТҰК” АҚ ұсынылатын реттеу қызметтерге тұтынушылармен отырған келісімдердің шарттарында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 қарашадағы № 1194 “Табиғи монополия саласына жататын, ұсынылатын қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) арналған үлгі шарттарды бекіту туралы” қаулысымен бекітілген, үлгі шарттардың нормаларына сәйкес емес және оларға қайшы келетін, реттеу қызметтерге мүмкіндіктің шарттарына таңу белгілері бар, және реттеу қызметтердің тұтынушылары үшін теңсіз жағдайлар жасалатын, олардың құқықтарын бұзатын және кемсітуге апаратын көптеген бұзушылықтар және ескертпелер табылды. Осыған орай, табиғи монополиялар субъектісі - “Қазхром” ТҰК” АҚ –мен: Қазақстан Республикасының “Табиғи монополиялар туралы” Заң талаптарының 7 бабының 3), 8), 12) тармақшалары, 5 бабы 1 тармағының 5) тармақшасы бұзылған. Жоғарыда көрсетілген табиғи монополиялар субъектісінің мекеніне Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы 2008 жылғы 23 сәуірдегі № 11 ұйғарым шығарды.