23.04.08 Қызылорда облысы – ТМРА “Қызылорда су жүйесі” МКК қызметіне уақытша өтемдік тарифтер енгізу арқылы тұтынушыларға 14 294,15 мың теңгені қайтарады
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті 2008 жылдың жоспарына сәйкес, «Қызылорда су жүйесі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының 2007 жылғы қаржы-шаруашылық қызметіне табиғи монополиялар туралы заңнаманың сақталуы жөнінде тексеру жүргізді. Табиғи монополия субъектісі, Қазақстан Республикасының “Табиғи монополиялар туралы” Заңының 7 бабының 7-2) тармақшасына сәйкес, тарифтік сметаны орындауға міндетті. Алайда, субъекті 2007 жылға тарифтік сметаны орындамаған. Атап айтқанда, суды таратушы желілер арқылы беру және және сарқынды суды бұру қызметтері бойынша тарифтік сметада қаралған шығындар бабтары бойынша 5%-ды шегергенде тиісінше 5 155,2 мың теңгеге және 3 684,9 мың теңгеге игерілмеді. Яғни, «шикізат және материалдар», «жанар-жағар май», «отын», «еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік», «табиғи ресурстарды пайдаланғандығы үшін төлем», «дезинфекция, дератизация және қоқысты шығару», «кеңсе заттары», «банк қызметтері», «байланыс қызметі» бабтары бойынша игерілмеді. Сонымен қатар, Тасбөгет бөлімшесі бойынша да тарифтік сметаның игерілмеуі орын алып, суды таратушы желілер арқылы беру және сарқынды суды бұру қызметтері бойынша тиісінше 3 007,65 мың теңгеге және 1 043,4 мың теңгеге игерілмеді. Амортизациялық аударымның 1 403,0 мың теңге қаражатын мақсатсыз пайдаланғандығы анықталды. Тексеру қорытындысы бойынша Департамент орын алған заң бұзушылықтарды жою және тұтынушыларға келтірілген залалы қайтару мақсатында нұсқама қабылдап, 2008 жылдың 16 сәуіріндегі №28-НҚ бұйрығымен 2008 жылдың 1 мамырынан бастап “Қызылорда су жүйесі” МКК-на 1м3 суды таратушы желілер арқылы беру қызметіне ҚҚС-мен 23,15 теңге және 1м3 сарқынды суды бұру қызметіне ҚҚС-мен 16,53 теңге мөлшерінде уақытша өтемдік тарифтерді енгізді. Сондай-ақ, Тасбөгет бөлімшесіне 1м3 суды таратушы желілер арқылы беру қызметіне ҚҚС-мен 11,03 теңге және 1м3 сарқынды суды бұру қызметіне ҚҚС-мен 7,14 теңге мөлшерінде уақытша өтемдік тарифтерді енгізді.