07.04.08ТМРА Жамбыл облысы бойынша департаменті – «Жамбыл-Жылу» МКК-ның тексеру қорытындылары туралы.
«Жамбыл-Жылу» МКК-на 2008 жылдың 11 наурызынан 26 наурызына дейін жүргізілген жоспарлы тексеру аяқталды. Тексеру барысында МКК ҚР «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 18-1 бабы 3-тармағы 2) тармақшасының 2 азат жолын бұзып, өзге қызметтен 2006-2007 жылдары алған табыстары туралы бір де бір есеп бермегені анықталды. Табиғи монополия субъекті ҚР «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 7 бабының 13) тармақшасына сәйкес уәкілетті органға және тұтынушыларға тарифтердің төмендетілетіні туралы олар күшіне кірерден 10 күннен кешіктірмей хабарлауы тиіс. ҚР 2006 жылдың 7 шілдесіндегі №177-11 «Қазақстан Республикасының салық салу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық акттеріне өзгертулер және толықтырулар енгізу туралы» Заңы бойынша қосымша құн салығы 2008 жылдың 1 қаңтарынан 13 пайыз мөлшерінде белгіленді. Дегенмен «Жамбыл-Жылу» МКК Заңның аталған нормасын бұзып, уәкілетті органға және тұтынушыларға жылу энергиясы тарифінің өзгертілгені туралы хабарламаған. Кәсіпорын ҚР «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 7 бабының 3) тармақшасын бұзып, тұтынушылардың жекелеген санаттарына жалпы сомасы 143,6 мың теңге жылу энергиясын тегін берген. Осыған байланысты «Жамбыл-Жылу» МКК-на ҚР табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзудың анықталған фактілерін жою: азаматтардың жекелеген санаттарына жылу энергиясын тегін беруді тоқтату, өзге қызмет бойынша есеп беру туралы нұсқама берілді. 2008 жылдың 31 наурызындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулымен «Жамбыл-Жылу» МКК-на ҚР табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзғаны үшін ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексінің 147-5 бабына сәйкес 1500 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, сомасы 1 млн. 752 мың теңге айыппұл салынды.