04.04.08Астана –ТМРА «КазМунайГаз-Сервис» ЖШС-н әкімшілік жауапқа тартып 2 336 000 тенге айыппұл салды
«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1 тармағының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасында жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау табиғи монополия саласына жатады. «Табиғи монополиялар субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу және шығару Ережесінің» 6 тармағына сәйкес табиғи монополиялар саласына қатысты қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар осы қызметті жүзеге асыруды бастаған күнінен бастап 15 күн ішінде Табиғи монополия субъектісінің тіркеліміне еңгізу туралы уәкілетті органға өтініш тапсыруға міндетті. Бірақ, жоғарыда айтылған ережені бұзып, «КазМунайГаз-Сервис» ЖШС-гі дербес қазандықтардан жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және онымен жабдықтау қызметін тұтынушыларға нақты көрсетіп оған төлемақы алып отырған және әкімшілік құқық бұзу туралы хаттама толтырғанша уәкілетті органға тіркелімге еңгізу туралы өтініш тапсырмаған. Осыған байланысты, Басқарма әкімшілік құқық бұзу туралы істі қарағаннан кейін, «КазМунайГаз-Сервис» ЖШС-не 2 000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл тағылып әкімшілік жауапқа тартылды, бұл 2 336 000 тенгені құрайды.