03.04.08Астана-ТМРА дәлелді қорытындысымен 2008 жылғы 3 сәуірден бастап электр энергиясы бағасының жоғарылауына тиым салды
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Астана қаласы бойынша Басқармасына электр энергиясын бөлшек сату қызметін көрсететін «Астанаэнергосбыт» ЖШС-нен алдағы уақытта электр энергияның бағасы 2008 жылдың 3 сәуірінен бастап өсетіні жайлы хабарлама келіп түсті. Субъектінің жобасы – ҚҚС-сыз 5,06 тенгені құрайды, яғни ол 5,4 % немесе 0,26 тенгеге қолданыстағы бағадан жоғары. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 1286 Қаулысымен бекітілген темір жол көлігі, электр және жылу энергетикасы, мұнайды, мұнай өнімдері мен газды тасымалдау, азаматтық авиация, порт қызметтері, телекоммуникация және почта байланысы саласындағы тауар нарықтарында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) баға түзу ережесінің 12 тармағына сәйкес, талқылау қорытындысы бойынша баға түзу тәртібінің бұзылуына байланысты, Басқарма дәлелді қорытындысымен «Астанаэнергосбыт» ЖШС-не 2008 жылдың 3 сәуірінен бастап электр энергия бағасының жоғарылауына тиым салды.