31.03.08Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша басқармасы «Көп салалы мемлекеттік коммуналдық жол пайдалану кәсіпорнының» 2008 жылы 1 сәуірінен бастап қатты-тұрмыстық қылдықтарды көму жөніндегі кызметтерге тарифін өсіруге тыйым салды.
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша басқармасы «Көп салалы мемлекеттік коммуналдық жол пайдалану кәсіпорнының» хабарламасын қарап, Қазақстан Республикасы « Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы» заңының 6-1 бабының, 1-тармағының, 4 –тармақшасына сәйкес, 2008 жылы 1 сәуірінен бастап қатты-тұрмыстық қылдықтарды көму жөніндегі кызметтерге тарифін өсіруге дәлелді қорытындымен тыйым салды.
Ұсынылған Хабарламада Қазақстан Республикасы Ұкіметінің қаулысымен бекітілген 2008 жылдың 16 қантарында № 18 « Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген номенклатураға енгізілген тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) баға белгілеу ережесінің» (осыдаң Ереже) талаптарын толығымен орындалмаған. 1. Қосалқы бөлшектер және шикізат еңбек қару-құралдарының жиынтығы жөндеу үшін сатып алуға шығыстары, пайызбен баланс қалдығы құнінен есепке алған. Ережесінің төртінші тармағына сәйкес ағымдағы және қүрделі жөндеу өткізудің құжаматталық техниқалық расталуы қажет. 2. Ереженің 13 тармағына сәйкес, тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағасына енгізілетін пайданың деңгейін анықтау кезінде нарық субъектісін дамыту үшін қажетті қаражат ескеріледі, осыған байланысты, «пайда» тармағының мағынасын ашатын ұсыныс қажет. 3. Негізгі кұралдарды сатып алуы, кәсіпорнының таза кірістен жасалады, осыған байланысты оның қолға түсіруген шығыстары өзіндік құнде есептелмейді.