29.02.08Астана –ТМРА «Служба эксплуатации зданий - Астана» ЖШС-не 350 АЕК көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапқа тартты
«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1 тармағының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасында жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау қызметтері табиғи монополия саласына жатады. «Табиғи монополиялар субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу және шығару Ережесінің» 6 тармағына сәйкес табиғи монополиялар саласына қатысты қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар осы қызметті жүзеге асыруды бастаған күнінен бастап 15 күн ішінде Табиғи монополия субъектісінің тіркеліміне еңгізу туралы уәкілетті органға өтініш тапсыруға міндетті. Бірақ, жоғарыда айтылған ережені бұзып, «Служба эксплуатации зданий - Астана» ЖШС-гі дербес қазандықтардан жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және онымен жабдықтау қызметін тұтынушыларға нақты көрсетіп оған төлемақы алып отырған және уәкілетті органға тіркелімге еңгізу туралы өтініш тапсырмаған. Осыған байланысты, Басқарма әкімшілік құқық бұзу туралы істі қарағаннан кейін, «Служба эксплуатации зданий - Астана» ЖШС-не 350 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл тағылып әкімшілік жауапқа тартылды, бұл 408 800 тенгені құрайды.