19.02.08Астана-ТМРА: жылу энергия бойынша тұрмыстық тұтынушыларға 27,5 млн. тенге көлемінде шығыны өтелді.
2006-2007 жылдардағы жылу маусымында «Астана қаласының гидрометеорологиялық центрі» еншілес мемелекеттік кәсіпорын Ұ(бұдан әрі-ЕМК) мәліметтері бойынша желдің жылдамдығы 5 м/с асқанда, «Астанаэнергосбыт» ЖШС ЕМК-нан берілген сыртқы ауа температура мәліметін төмендеу бағытына қарай түзеген. Бұның салдарынан есептеу айында жылу энергиясының тұтыну нормасы өсіп және кәсіпорынмен қосымша (заңсыз) табыс алынды. «Астанаэнергосбыт» ЖШС желдің жылдамдығын есепке алғанда орташа айлық температура түзетулерін желтоқсан айында ( -7 С-ден -8 С дейін), қаңтар айында ( -8,5 С-ден -9,3 С дейін), ақпан айында ( -10,9 С-ден -11,5 С дейін), наурыз айында ( -9,1 С-ден -9,3 С дейін) өткізген.
Бұл жағдайға байланысты, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Астана қаласы бойынша басқармасының нұсқамасына сәйкес, «Астанаэнергосбыт» ЖШС жылу энерия бойынша тұрмыстық тұтынушыларға қайта есеп айырысу жасалды.
Тұтынушыларға қайтарылатын соммасын 2008 жылдың қаңтар айының квитанциясында көруге болады, жалпы соммасы 27 583 161 тенгені құрады.