19.02.08Павлодар облысы бойынша Басқарма «Павлодарская теплоэнергетическая компания» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің және «Каустик» акционерлік қоғамының электр энергиясын беру және бөлу қызметтеріне
«Павлодарская теплоэнергетическая компания» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2008 жылғы 7 желтоқсанда электр энергиясын беру және бөлу қызметтеріне ҚҚС-сыз 0,51 теңге/кВтс немесе қолданыстағы тарифке 104% өсім мөлшерінде тариф бекітуге өтінім ұсынды.
Тарифті жоғарлату қажеттілігін кәсіпорын басшылығы электр энергиясына бағаның өсуінен, еңбек ақының, жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шығындарының артуынан, тараптас ұйымдардың қызметтеріне бағаның жоғарлауынан, жабдықтарды жалдауға төлем ақының шығындарға енгізілуіенен деп түсіндіреді.
«Каустик» акционерлік қоғамы 2007 жылғы 6 желтоқсанда ҚҚС-сыз 2,06 теңге/кВтс немесе қолданыстағы тарифке 33,8% өсім мөлшерінде тариф бекітуге өтінім ұсынды. Тарифті жоғарлатудың негізгі себептері: электр энергиясына, материалдарға бағаның өсуі, қызметтер бағасының қымбаттауы, еңбек ақы шығындарының артуы.
Аталған кәсіпорындар тұтынушыларға электр энергиясын беру және бөлу жөнінде қызмет көрсетпейді.
Ұсынылған өтінімдер бойынша мемлекеттік органдарды, қоғам атынан облыстық Мәслихат депутаттарын, табиғи монополиялар субъектілерін қатыстыра отырып тәуелсіз сараптама өткізілді (Сараптама кеңесі шеңберінде).
Басқарма тарифтердің жобаланып отырған деңгейін жария тыңдау өткізді.
Ұсынылған материалдардың негізділігіне өткізілген сараптаманың нәтижесі бойынша Басқарма 2008 жылғы 1 сәуірден бастап электр энергиясын беру және бөлу жөніндегі қызметтерге тарифтерді қолданыстағылар деңгейінде мына мөлшерде қалтырылды деп шешім қабылдады: