14.02.08Жамбыл облысы - семинар және брифинг өткізу туралы.
ҚР Табиғи монополиялардыреттеуагенттігініңЖамбыл облысыбойынша басқармасы 2008 жылдың 12 ақпанында табиғи монополия субъектілері басшылары мен экономистерінің қатысуымен инвестициялық бағдарламаларды қалыптастыру және жүзеге асыру мәселелері бойынша семинар өткізді.
Табиғи монополия субъекттерілеріне реттелетін қызметтердің тарифтерін қайта қарау туралы өтінімдерін қарауының өлшемдерінің бірі, инвестициялық бағдарламаның болуы, желілердегі ысыраптарды төмендетуі шаралары болатыны жеткізілді. Семинарға қатысушылар активтерді жаңарту үшін инвистицияларды есепке алу қағидаларымен, инвестициялық бағдарламаларды келісілу бойынша қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілермен танысты, пікір алмасты.
13 ақпаны күні Басқарма «Қазақпарат» («Казинформ») ақпараттық агенттігінің, «Экспресс К» республикалық газетінің, облыстық және қалалық БАҚ өкілдерінің қатысумен брифинг өткізді.
Басқарма брифингте нормативтік шығындарды төмендету, шикізат, материалдар, отын, энергия шығындарының нормаларын қысқарту, табиғи монополия туралы заңнаманың сақталуын бақылау бойынша жүргізген жұмыстыңжәне 2007 жылы анықталған құқық бұзушылықтарға қабылданған шаралардың нәтижелерінқортындылады.
Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің басты назары 2009 жылдың 1 қаңтарына дейін барлық тұтынушыларына реттелетін коммуналдық қызметтерді есептеу аспаптарын орнату қажеттілігіне аударылды. Облыс тұтынушыларының есептеу аспаптарымен жабдықталуы туралы слайдтар көрсетілді.
Брифингке қатысушылар басқарманың инфлияциялық үдерістерді тежеу және тарифтерді реттеу бойынша 2008 жылғы ағымдағы жұмысымен,«Таразэнергоорталық» АҚ тексеру нәтижелерімен танысты.