12.02.08Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша басқармасы есептеу құралдарын орнату мәселесі бойынша кеңес отырысының қорытындысы бойыншахабарлайды.
Ағымдағы жылдың 06 ақпанында сағ 11.00-де қалалық әкімшілігінің кіші залында, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша басқармасы Орал қаласы әкімінің орынбасарының, қалалық маслихат хатшысының, қалалық маслихат депутатарының, табиғи монополия субъектілері басшыларының жеке пәтер иелерінің қауымдастығы ассоциациясының төрағалығының, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен реттелетін коммуналдық қызметтерінежалпы тұрғын үйдің жылу қуатының және судың жеке есептеу құралдары н орнату мәселесі бойынша кеңес отырысын өткізді. 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап коммуналдық қызметтерінің төлем ақысы есептеу аспаптарының көрсеткіштерісізқабылданбайтын себептен, жәнеде уақыттың тығыздығын ескере отырып, жедел мерзімде теледидар, басылымдар арқылы жалпы түрде түсініктемелі жұмыстар өткізу қажеттігі шешілді. Қала әкімінің орынбасарын, ТМС-нің басшыларын шақыра отырып теледидар арқылы дөңгелек үстел өткізу жоспарлануда және жалпы үй бойынша есептеу аспаптарын орнату мәселесі бойынша КСК төрағаларын сондай-ақ «Жайықжылуқуат» АҚ-мын шақыра отырп қалалық әкімшілікпен біріккен кеңес отырысын өткізу жоспарлануда.