04.02.08Павлодар облысы бойынша Басқарма «Павлодар - Водоканал» ЖШС-ның бөлгіш тораптар арқылы су беру қызметіне нормативтік техникалық ысыраптарды төмендетеді.
Павлодар облысы бойынша Басқарманың 2008 жылғы 01 желтоқсандағы № 17-НҚ бұйрығымен Павлодар қаласының сумен жабдықтау жүйелеріндегі шаруашылық-ауызсудың және техникалық судың техникалық ысыраптарының нормативі 9017,3 мың теңге мөлшерінде бекітілді. Ысырап үлесі, Ертіс өзенінен алынған судың 26,01% құрайды.
«Павлодар-Водоканал» ЖШС 2008 жылға бөлгіш тораптар арқылы су беру қызметіне нормативтік техникалық ысыраптарды 12571,1 мың м3 немесе 36,37 мөлшерінде бекітуге өтінімді 2008 жылғы 3 қаңтарда ұсынды.
«Павлодар-Водоканал» ЖШС нормативтік техникалық ысыраптар есебін ҚР ТМРА-ның 2004 жылғы 30 қыркүйектегі № 405-НҚ бұйрығымен бекітілген Сумен жабдықтау жүйелеріндегі нормативтік техникалық ысырапты есептеу әдістемесіне сәйкес орындаған.
Өтінім материалдарын қарау нәтижесі бойынша, Басқарма осы Әдістемеге ҚР ТМРА-ның 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 335-НҚ бұйрығымен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, нормативтік техникалық ысыраптар есебін жасады.
Есепке, аварияның салдарынан су ысыраптары және шығындары, өлшегіш құралдармен тіркелмеген су көлемі, өрт сөндіруге арналған су көлемі (бұл шығындар төтенше жағдайларды жоюға арналған қаражат есебінен төлену керек), санитарлық қорғау аймақтарын ұстау үшін су көлемінің ысыраптары мен шығындары алынған жоқ.
Кәсіпорынның өтінімі 2008 жылғы 17 қаңтарда жария тыңдауда қаралды.
Павлодар қаласының сумен жабдықтау жүйелеріндегі шаруашылық-ауызсудың және техникалық судың техникалық ысыраптарының нормативі бұған дейін 2007 жылға бекітілгеннен (13831,0 мың м3) 4813,7 мың м3 немесе 34,8%-ға төмен бекітілді.