18.01.08Жамбыл облысы - ТМРА мәжіліс өткізгенін хабарлайды.
ҚР табиғи монополияларды реттеу жөніндегі Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша басқармасы осы жылдың 17 қаңтары күні табиғи монополия субъекттері басшыларының, облыс әкімдігінің Энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінің, кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктерінің, БАҚ өкілдерінің қатысумен «Нормативтен артық және нормативтік техникалық шығындарды төмендету жолдары туралы» тақырыбына мәжіліс өткізгенінхабарлайды. Мәжілістің мақсаты – мүдделі тараптардың қатысуымен нормативтен артық және нормативтік техникалық шығындарды төмендету жолдарын талқылау, шығындарды төмендетуге бағытталған ұсыныстар дайындау.
Мәжіліске қатысушылар сондай-ақ ҚР табиғи монополияларды реттеу жөніндегі Агенттігінің «Мемлекеттік реттеу және тариф белгілеу жүйесін жетілдіру» тақырыбында өткен7-форумдағы ұсыныстарын да талқылады.
Мәжіліске қатысушылар көтерген негізгі түйткілді мәселелер – энергияны сақтау бойынша ұзақ мерзімді бағдарламалардайындау қажеттігі, энергия ресурстарының барлық жерде есепке алынуыненгізу, энергияны өндіретін, тасымалдайтын кәсіпорындардың және тұтынушылардың өзара бірлескен іс-қимылын ұйымдастыру, жергілікті атқару органдарының көп пәтерлі үйлердің тұрғындарына тозған, апатты үйлерді жөндеуге көмектесуінің және тұрғындардыңүйлердің жертөлелерін жөнге келтірулерінің қажеттігі,электр энергиясын ұрлауды, судыңысырап болуын және жылу жүйелеріндегі судың заңсыз төгілуін анықтау жұмыстары және басқалар болды.