17.01.08Алматы облысы - ТМРА тексеру қорытындысы бойынша, анықталған заң бұзушылықтар бойынша ұсыныстар келтірілгендігін хабарлайды
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Алматы облысы бойынша басқармасы келесідей ақпаратты жолдайды:
- Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Алматы облысы бойынша басқармасы 2008 жылдың 9 және 12 қаңтары аралығында 2 табиғи монополия субъектілері: жылу энергиясын өдiру, беру, бөлу және онымен жабдықтау жөнiндегi қызметін көрсететін «Аят Энерго Сервис» ЖШС-де 2008 жылдың 9 қаңтарында №1 нұсқама және және су шаруашылығы және кәрiз жүйелерi қызметін көрсететін «Қолдау» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынында 2008 жылдың 9 қаңтарындағы №2 нұсқамалар бойынша қаржы шарушылық қызметтерін тексеріп, тексеру қорытындысы бойынша, анықталған заң бұзушылықтар бойынша ұсыныстар келтірілгендігін хабарлайды.
- Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Алматы облысы бойынша басқармасы 2008 жылдың 16 және 25 қаңтары аралығында 4 табиғи монополия субъектілері, яғни, су шаруашылығы және кәрiз жүйелерi қызметін көрсететін «Қарғалы-Т» ЖШС-де 2008 жылғы 16 қаңтардағы № 3 нұсқама және табиғи газды тасымалдау қызметін көрсететін «Тауекел-Т» ЖШС-де 2008 жылғы 16 қаңтардағы № 4 нұсқама және су шаруашылығы және кәрiз жүйелерi қызметін көрсететін «Көксу Су құбыры» еншілес мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынында 2008 жылдың 16 қаңтарындағы №5 нұсқама және су шаруашылығы және кәрiз жүйелерi қызметін көрсететін «Бастау» ЖШС-де № 6 нұсқамалар бойынша қаржы-шаруашылық қызметтерін тексеруге кіріспек. Тексеру тағайындау актілері Бас прокуратурасының Алматы облысы бойынша ҚС-сы ж АЕАЖК басқармасында 2008 жылдың 16 қаңтарында тіркелді.