08.08.08ТМРА Ақмола облысы бойынша департаменті жария тыңдаулар өткізеді.
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті, Көкшетау қаласы, Әуезов көшесі, 230 мекенжайы бойынша орналасқан, мынадай өтінімдерді қарау бойынша жария тыңдаулар өткізілуі туралы хабарлайды: - қазіргі тарифтерді өзгерту үшін: 1. «Джет-7» ЖШС қызметтеріне: - жылу қуатын өндіру; - жылу қуатын беру және тарату; - электр қуатын беру және тарату. 2. «Машзауыт Мұнай» ЖШС жылу қуатпен жабдықтау бойынша қызметтеріне. - тарифтерді жалпы тәртіппен бекіту үшін: 1. «Степногорск-суарнасы» ШЖҚ МКК таратушы желілер арқылы суды беру (ауыз су және техникалық су); ағынды суларды бұру және ағындарды тазарту. Жария тыңдаулар 2008 жылғы 4 қыркүйекте өткізіледі: 11-00 сағатта «Джет-7» ЖШС, 12-00 сағатта- «Степногорск-суарнасы» ШЖҚ МКК және 13-00 сағатта- «Машзауыт Мұнай» ЖШС, мекен-жайы: Степногорск қаласы, Степногорск қаласы әкімдігінің ғимараты, блок Б. Тыңдауларға депутаттар, тәуелсіз сарапшылар, тұтынушылар, табиғи монополия субъектінің және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылады.