30.07.08ТМРА Ақмола облысы бойынша департаменті «Қуат үнемдеу, қызметтердің есеп құралдарын орнату және нормативтік техникалық ысыраптар» мәселелер бойынша дөңгелек үстел өткізді.
Халық арасында қуат үнемдеу әлеует пен артықшылықтарын, нормативтік техникалық ысыраптарын, коммуналдық қызметтерінің есеп құралдарын орнату тиімділігін ынталандыру және насихаттау бойынша ақпараттық-түсіндіру компанияны жүргізу мақсатында, ағымдағы жылғы 30 шілдеде Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті, қоғамдық ұйымдар, ардагерлер, табиғи монополиялар субъектілерінің және бұқаралық ақпарат құралдарының (сайттар: Interfax, Kazakhstan tоday, облыстық телерадиокомпаниясы, «Қазақстан» телеарнасы, «Арқа ажары», «Акмолинская правда», «Степной маяк», «Көкшетау» және «Любимый город» газеттері) өкілдері шақырылуымен, дөңгелек үстел жүргізді. Жоғары аталған мәселелері бойынша жүргізілген дөғгелек үстелдің қорытындылары бойынша 2 сұхбат берілді, оның ішінде: «Қазақстан» телеарнасы және облыстық телерадиокомпания үшін. Дөңгелек үстел қатысушыларына БАҚ-да жариялау үшін баспасөз-хабарламасы ұсынды. Бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингі күн сайын жүргізілуде