29.07.08Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің Атырау облысы бойынша Департаменті - “дөңгелек үстел”есептегіш құралдарын қондыру, электр қуатын үнемдеу, және техникалық шығындарды нормаландыру мәселесі жөнінде.
2008 жылы 29 шілдеде ТМРА тапсырмасын орындауға байланысты және есептегіш құралдарын қондыру, электр қуатын үнемдеу, және техникалық шығындарды нормаландыру мәселесі жөнінде, ТМРА Атырау облысы бойынша Департаментті ”дөңгелек үстел” отырысын өткізді. Отырысқа Атырау облысының энергетика және коммунальдық уй шаруашылығы Департаментті, Соғыс және еңбек ардагерлер кеңесі, тұтынушының құқық қорғау қоғамы,Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы“Атамкен одағы” заңды тұлғалар бірлестігі,Қазақстан Республикасының тутынушылар бірлестігінің одағы, Атырау облысының кәсіпкерлері мен жұмыс берушілер Одағы,жеке пәтер коопопреативі, табиғи монополия субъектілері, БАҚ қызметкерлері дөңгелек үстелге қатысты.