25.07.08 ТМРА Павлодар облысы бойынша департаменті энергияны үнемдеу, есептеу құралдарын орнату және нормативтік техникалық ысыраптар мәселелері бойынша «дөңгелек үстел» өткізді.
2008 жылғы 24 шілдеде ТМРА тапсырмасын орындау үшін ТМРА Павлодар облысы бойынша департаментінің директоры Қ.М.Төлендинов Павлодар қаласы әкімдігінің мәжіліс залында энергияны үнемдеу, есептеу құралдарын орнату және нормативтік техникалық ысыраптар мәселелері бойынша «дөңгелек үстел» мәжілісін өткізді. «Дөңгелек үстел» жұмысына Павлодар, Екібастұз, қалалары әкімдерінің орынбасарлары О.П.Крук, Н.В.Дычко, Энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінің басшылары, Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларының тұрғын үй-коммуналдық ұйымдарының басшылары, электр және жылу энергетикасы, сумен жабдықтау саласында қызмет көрсететін монополистер, ардагерлер кеңесінің, қоғамдық бірлестіктерінің, ТМРА Департаменті жанындағы сараптама кеңесінің, ПИК, есептеу құралдарын орнату жөнінде қызмет көрсететін кәсіпорындардың өкілдері, тұтынушылар, орталық және жергілікті БАҚ тілшілері қатысты. Қатысушыларға есептеу құралдарын орнатудың отбасы бюджетін үнемдеуге мүмкіндік туғызатынын және ынталандыратыны жөнінде айтылды. Мысал үшін, үш адамнан тұратын отбасы үшін орта есеппен, суды есептеу құралын орнату тиімділігі, төлемнің 40%, үнемдеуге, үйге ортақ жылу есептеу құралдарын орнатудан – жылу үшін төлемнің 31% үнемдеуге қол жеткізеді. Сөйтіп бүгінгі күннің өзінде есептеу құралдарын орнатуға ынта бар. Энергияны үнемдеу, есептеу құралдарын орнату және нормативтік техникалық ысыраптарды қысқарту мәселелері бойынша оң нәтижелер бар екендігі айтылды. Сонымен қатар монополистердің, тұрғын үй-коммуналдық ұйымдарының, атқарушы биліктің қолда бар ресурстарды әлі түгел пайдаланбағандықтар, соның нәтижесінде қалаларда, қалалардың үлкен тұрғын үй ғимараттарында есептеу құралдарын орнату баяу жүргізіліп, көптеген тұтынушылардың есептеу құралдарын орнатудан бас тартып отырғаны айтылды. Монополистер мен атқарушы биліктің жергілікті органдарының халық арасында энергияны үнемдеу, тұтынылатын энергияны және суды есептеу құралдарын орнату мәселелерін түсіндіру, насихаттау үшін бірігіп іс-әрекет ету қажет екендігі айтылды.