ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті 2008 жылдың 8 айында табиғи монополия субъекттерінің 2007 жылдың тарифтік сметасының орындауларын талдау барысында және жүргізілген жоспарлы тексерістер нәтижелері бойынша 5 кәсіпорынның қызметтеріне шығындардың жекелеген баптарын орындамағандары үшін 6 өтемақылық уақытша тариф енгізді: - «Тараз-Су» МКК канализация жүйсенің қызметіне 1 м3 үшін 5,00 теңгенің орнына 4,18 теңге. Кәсіпорынның негізсіз алған табысының сомасы 13321,4 мың теңге болған; - «Таразтрансэнерго» МКК жылу энергиясын беру және тарату қызметіне 1 Гкал үшін 712,86 теңгенің орнына 687,13 теңге, негізсіз алынған табыстың сомасы 11910,6 мың теңге; - «Таразсушар» РМК Талас филиалының суды арналармен беру қызметіне 1 м3 үшін 0,157 теңгенің орнына 0,153 теңге, негізсіз алынған табыстың сомасы 309,5 мың теңге; - «Шу-Жылу» МКЕК жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және онымен жабдықтау қызметтеріне 1 Гкал үшін 2239,9 теңгенің орнына 1984,63 теңге, негізсіз алынған табыстың сомасы 5077,7 мың теңге; - «Игілік» МКК канализация жүйсенің қызметіне 1 м3 үшін 4,10 теңгенің орнына 3,44 теңге, негізсіз алынған табыстың сомасы 1369,7 мың теңге және жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және онымен жабдықтау қызметтеріне 1 Гкал үшін 1620,0 теңгенің орнына 1506,06 теңге, негізсіз алынған табыстың сомасы 12269,3 мың теңге. Бұл кәсіпорындар бойынша негізсіз алынған табыстың жалпы сомасы 44 млн. 258 мың 20 теңге. Бұған қоса «Таразэнергоорталық» АҚ-на берілген нұсқаманың негізінде қайта есептеу жүргізіліп, тұтынушыларға 24 млн. 180 мың 470 теңге қайтарылды.