ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті 2008 жылдың 8 айында 8 субъект бойынша әкімшілік іс қозғап, жалпы сомасы 10 млн. 337 мың теңгені құрайтын әкімшілік айыппұлдар салу туралы қаулылар шығарды. Тексерістер барысында субъекттердің төлемді есептеу кезіндегі заңсыз әрекеттері анықталды, қайта есептеулер жүргізіліп, тұтынушыларға 24 млн. 180 мың 471 теңге қайтарылды. 2008 жылдың басынан бері департаменттің жұмыс жоспарына сәйкес келесі 13 субъекттің қызметтері тексерілді: «Таразэнергоцентр» АҚ, «Тараз-су» МКК, «Жамбылская ГРЭС им.Т.Батурова» АҚ, «Жамбыл-жылу» МКК, «Таразтрансэнерго» МКК, «Таразводхоз» РМК, «Қулан-тазалык» МКК, «Қулан-су» МКК, «Аспара» КМК, «Кордай берекесі» КМК, «Жамбылский комбинат коммунальных предприятий» КМК, «ЖЭС» ЖШС, «Игілік» МКК.