10.09.08ТМРА Ақмола облысы бойынша департаментінің атына тариф өсуіне арналған өтінімдер төтенше реттейтін шара ретінде түсті.
Ақмола облысы бойынша департаменті төтенше реттейтін шара ретінде 2008 жылғы 1 қазаннан қолданысқа енгізуімен тарифті көтеру үшін 4 субъектінен түскен 4 өтінімдер туралы хабарлайды: 1) Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы «№ 2 аудандық бу қазандығы» ШЖҚ МКК: - жылу қуатын беру және бөлу өсуі 17,4 % немесе 1 Гкал үшін 1950,5 теңгеден 2290 теңгеге дейін; 2) Щучье ауданы әкімі аппаратының жанындағы «Термо-транзит» ШЖҚ МКК; - - жылу қуатын беру және бөлу өсуі 117,8 % немесе 1 Гкал үшін 2146,28 теңгеден 4674,5 теңгеге дейін; 3) «Зеренді-Сервис» ШЖҚ МКК, Зеренді селосы - жылу қуатын өндіру, беру, тарату және жабдықтау өсуі 101 % немесе 1 Гкал үшін 2399 теңгеден 4828 теңгеге дейін. 4) «Макинск Жылу» ШЖҚ МКК, Макинск қаласы - жылу қуатын өндіру, беру, тарату және жабдықтау өсуі 630 % немесе 1 Гкал үшін 1410,26 теңгеден 10302,89 теңгеге дейін.